14.05.2026
1-күн – «Ғылымға бастар жол». Мектеп кітапханашысы, сондай-ақ орыс тілі, география, физика, химия, биология, информатика және робототехника пәндерінің мұғалімдері өз жұмыстарын таныстырған «Ғылым әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.
📰 2-күн – «Балалар басылымдары – кітапқа бастар жол». 1–4 сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге аудандық кітапханаға барып, балаларға арналған газет-журналдармен, соның ішінде «Айгөлек» журналымен танысты.
📚 3-күн – «Шығармашылық зиялы қауым – Қазақстан балаларына». 10-сынып оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімімен бірге әдебиет пен рухани құндылықтар туралы танымдық сабақ өткізді.
💬 4-күн – «Қазіргі балалар және рухани құндылықтар». 9-сынып оқушылары мұғалімдермен бірге «Гаджеттер және рухани даму» тақырыбында пікірталас өткізді.
✍️ 5-күн – «Балалар жазушыларымен танысу». 6-сынып оқушылары мен мұғалімдері жергілікті ақын-жазушы Тасқынбай Темір-Болат Тасқынбайұлымен «Жазушымен сұхбат» атты шығармашылық кездесу ұйымдастырды.
💻 6-күн – «Кітап және цифрлық әлем». Робототехника және IT-технологиялар көрмесі ұйымдастырылды.
👨👩👧👦 7-күн – «Отбасылық оқу – ізгі дәстүр». 7-сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге ата-аналарды шақырып, отбасылық оқу күнін өткізді.
🗺️ 8-күн – «Кітап әлеміндегі квест». 11-сынып оқушылары 5–11 сыныптар арасында қызықты квест-ойын ұйымдастырды.
🎨 9-күн – «Кітап – білім бұлағы». Комикстер көрмесі және «Өз комиксіңді жаса» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
🌟 10-күн – «Балалар әдебиетінен – білім мен ғылымға». «Бірге оқимыз» жобасы аясында мектеп директоры Балтабаева Д.Қ. оқушыларға кітап оқып беріп, еркін форматта кездесу өткізді.
📖 Кітап – рухани қазына әрі білімнің қайнар көзі!
✨ Кітап оқитын ұрпақ – елдің жарқын болашағы!
#ҰлттықКітапКүні #ОқуғаҚұштарМектеп #БіргеОқимыз #МектепКітапханасы #БалаларӘдебиеті #РуханиТәрбие

