14.05.2026
«Бір ел – бір кітап», «Адал азамат», «Мектеп кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп», «Бірге оқимыз» жобалары аясында мектебімізде қазақтың ұлы тұлғаларымен таныстыру мақсатында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушылар қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлері мен рухани мұраларымен танысып, олардың өмір жолы мен шығармашылық еңбектері туралы тың мәліметтер алды. QR код арқылы шығармаларды оқып, әдеби әлемге қызықты саяхат жасауға мүмкіндік берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ әдебиетіне құрмет сезімін қалыптастыру және жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.
📖 Кітап – рухани қазына!
📚 Ұлы тұлғаларды оқу – өнегелі өмірге бастар жол!
#БірЕлБірКітап #АдалАзамат #МектепКітапханасы #ОқуғаҚұштарМектеп #БіргеОқимыз #ҚазақӘдебиеті #ҰлыТұлғалар #КітапОқу #РуханиТәрбие

