14.05.2026
«Адал азамат», «Мектеп кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп», «Бірге оқимыз» жобалары аясында мектебімізде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған арнайы көрмелік фотобокс ұйымдастырылды.
Фотобокстың негізгі мақсаты – оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр тұлғалармен таныстыру, олардың жанқиярлық ерлігін насихаттау және жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру.
Көрме барысында оқушылар тарихи мәліметтермен танысып, батырларымыздың ерлігі жайлы мағлұмат алды. Әрбір сурет пен көрнекілік – өткен тарихқа тағзым, бейбіт өмірге деген құрметтің белгісі.
✨ Ерлік ешқашан ұмытылмайды!
✨ Жеңіс рухы – ұрпақ жадында!
#9мамыр #ҰлыЖеңіс #АдалАзамат #МектепКітапханасы #ОқуғаҚұштарМектеп #БіргеОқимыз #МектепКітапханасы #ПатриоттықТәрбие

