14.05.2026
«Бір ел – бір кітап», «Адал азамат», «Мектеп кітапханасы», «Оқуға құштар мектеп», «Бірге оқимыз» жобалары аясында мектебімізде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы танымдық фотобокс ұйымдастырылды.
Фотобокс барысында оқушылар мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың шешуін тауып, ертегілерге байланысты қызықты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары мен олардың шығармашылығы туралы танымдық тапсырмалар орындап, өз білімдерін сынады.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қазақ әдебиетін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
📖 Кітаппен дос болған ұрпақ – болашағы жарқын ұрпақ!
✨ Әдебиетке қызығушылық – рухани байлықтың бастауы!
#БірЕлБірКітап #АдалАзамат #МектепКітапханасы #ОқуғаҚұштарМектеп #БіргеОқимыз #ҚазақӘдебиеті #Фотобокс #КітапОқу #ҰлттықҚұндылық #РуханиТәрбие

