"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Руханиятқа бастар жол – кітап!

14.04.2026
14 сәуір – шығармашылық күні аясында мектебімізде 10-сынып оқушыларымен «Қазақ халқының рухани көшбасшылары» тақырыбында танымдық сабақ жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шара Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік шеңберінде өткізілді. Сабақ барысында оқушылар қазақ халқының рухани дамуына зор үлес қосқан ұлы тұлғалардың өмірі мен еңбектеріне терең үңіліп, олардың өнегелі жолынан тағылым алды. Әдебиет арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіну – сабақтың басты мақсаты болды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, пікір алмасу арқылы рухани байлықтарын арттырды. Мұндай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың саналы, білімді әрі ұлттық рухы биік азамат болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді. 📖 Кітап – рухани қазына, ал оны қадірлеу – әрбіріміздің парызымыз! ✨ Руханият жолындағы игі істер жалғасын таба бермек!
 
 
 
Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст