13.04.2026
Бүгін мектебімізде 12 сәуір – Ғылым күніне орай «Ғылымға апарар жол» тақырыбында, сондай-ақ «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты Ұлттық кітап күні қарсаңында ұйымдастырылған онкүндік аясында «Ғылым әлемі» көрмесі өтті. Аталған көрмеге мектеп кітапханасы мен пән бірлестіктері белсенді қатысып, атап айтқанда: орыс тілі, биология, физика, химия, география және робототехника бағыттары бойынша қызықты әрі мазмұнды жұмыстар ұсынылды. Әрбір бөлім өз саласы бойынша ғылыми жетістіктерді таныстырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Көрме барысында оқушылар ғылымның қыр-сырын танып, тәжірибелік жұмыстарды көріп, жаңа біліммен сусындады. Сонымен қатар, кітап көрмесі арқылы балалар әдебиетінің рухани тәрбие берудегі маңызы кеңінен насихатталды. ✨ Бұл шара оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.


