"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 2 наурыз – Әдеби кездесу рухани үндестікте өтті!

02.03.2026

2026 жылғы 2 наурыз – Әдеби кездесу рухани үндестікте өтті! ✨📚

Бүгін, 2026 жылдың 2 наурызында, мектебіміздің кітапханасында орыс тілі мен орыс әдебиеті апталығы аясында ерекше форматтағы «Диалог сквозь время и пространство: Абай и Пушкин» атты әдеби кафе ұйымдастырылды.

Іс-шараны орыс тілі пәні мұғалімі Абдраева Ш.А. мен кітапханашы Бисимбаева Т.Н. бірлесе өткізді. Кеште 9-сынып оқушылары белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.

📖 Әдеби кафеде:
▪️ Абай Құнанбайұлы мен Александр Пушкин шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды;
▪️ «Қазіргі жасөспірімге қай ақынның идеясы жақын?» тақырыбында мини-дебат өтті;
▪️ Ұлы ақындардың қиял-ғажайып кездесуін бейнелейтін инсценировка сахналанды;
▪️ Топтық жұмыстар жүргізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды;
▪️ 9 «Ә» сынып оқушысы Дильназ Желсіз түнде жарық ай әнін ерекше әсермен орындап, кештің көркін аша түсті.

Кеш барысында екі халықтың рухани әлемін тоғыстырған тағылымды қойылым көрсетіліп, уақыт пен кеңістік шегінен асқан әдеби үндестік сезілді.

✨ Бұл іс-шара – кітапхана тек оқу орны ғана емес, рухани сұхбат пен шығармашылық шабыт ордасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Просмотров: 1299


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст