Текст
03.03.2026
Мектеп кітапханасындағы жаңа жоба!Мектеп кітапханасының жылдық жоспары аясында «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша кітапханада «Ертегілер елінде» атты мобильді кітапханалық бұрыш ұйымдастырылды.Бұл бұрышта оқушыларға арналған қазақ ертегілерінің жинағы ұсынылып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. 🐺👑✨🤖 Жасанды интеллект мүмкіндіктеріЕң қызығы — QR-код арқылы оқушылар өздеріне ұнаған кез келген ертегіні жасанды интеллект көмегімен қарап, таныса алады. Бұл – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, заманауи технологияны тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік.📖 Кітап + технология = қызықты әлем!Ертегі арқылы қиялға қанат бітіріп, білімге құштар ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты мақсатымыз.
