Текст
09.02.2026
9 ақпан күні мектепте «Қазақстан Республикасының өзекті конституциялық моделі: мемлекет, қоғам және құқықтың арақатынасы» тақырыбында мектеп ұжымымен семинар-диалог өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі қағидалары, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, сондай-ақ елдің тұрақты дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етудегі құқықтың рөлі қарастырылды.
Қатысушылар қазіргі конституциялық өзгерістерді, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарының маңызын, сондай-ақ әрбір азаматтың демократиялық құндылықтарды нығайтуға қосатын үлесін талқылады.

