"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен оқыған кітап» жарнамалық бейнеролик байқауының қорытындысы

03.02.2026

«Мен оқыған кітап» жарнамалық бейнеролик байқауының қорытындысы .Мектепішілік кітапхананың жылдық жоспарына сәйкес қаңтар айында «Мен оқыған кітап» атты жарнамалық бейнеролик түсіру байқауы өткізілді.Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және оқыған кітаптарын заманауи форматта таныстыру. Байқауға 1–11 сынып оқушылары белсене қатысты. Қатысушылар өздері оқыған кітаптар бойынша мазмұнды, креативті және тартымды бейнероликтер ұсынып, жоғары белсенділік танытты. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Әрбір жұмыс өз ерекшелігімен бағаланып, қатысушылардың еңбегі лайықты атап өтілді.Осындай игі шаралар оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Байқауға қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз!

Просмотров: 384


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст