Текст
26.12.2025
Бүгін, 26 желтоқсан күні, 1 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында II тоқсанның қорытындысы шығарылып, оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі талқыланды. Сонымен қатар, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері бойынша ата-аналарға маңызды ақпараттар берілді.
Балалардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолда жүру ережелері, мұз үстіндегі қауіпсіздік, тұрмыстық және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ата-аналар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Балалардың қауіпсіздігі – мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі.


