"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жылдық шырша мерекесі

26.12.2025

26 желтоқсан күні мектебімізде ерекше атмосферада Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйымдастырылды. Балалар ертегі әлеміне саяхат жасап, ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық шыршаны айналып, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Мерекеге 1 “А” сыныбының оқушылары белсене қатысып, Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар тақпақ айтып, ән шырқап, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Шырша соңында бүлдіршіндер тәттілер мен жаңа жылдық сыйлықтарға ие болып, ерекше әсермен тарқасты.
Бұл мереке балалардың жүрегінде ұмытылмас қуаныш пен жарқын естелік қалдырды.

Просмотров: 1146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст