"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ-де 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Рақмет саған, Әліппе!» атты Әліппемен қоштасу іс-шарасы өтті

23.12.2025

“Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі”КММ-де 1 «А» және 1 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен «Рақмет саған, Әліппе!» атты Әліппемен қоштасу іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың әліппені меңгеру кезеңін қорытындылау, білімге деген қызығушылығын арттыру және олардың алғашқы оқу жетістіктерін насихаттау болды.

Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндер өлеңдер оқып, ән шырқап, әріптерге байланысты қызықты көріністер қойды. Оқушылар Әліппенің әр әрпімен қоштасып, оқуды меңгергенін, білімге алғашқы қадам жасағанын зор қуанышпен көрсете білді. Балалардың белсенділігі мен өнері көрермендердің көңілінен шығып, жылы ықыласқа бөленді.

Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар қатысып, бүлдіршіндердің жетістігіне куә болды. Соңында оқушыларға жылы лебіздер айтылып, алдағы оқу жолына сәттілік тілектері жолданды.
Бұл мереке – оқушылардың жүрегінде ұзақ сақталатын, тәрбиелік мәні зор, әсерлі шара болды.

Іс-шара «АДАЛ АЗАМАТ»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өтті.
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН – АДАЛ АЗАМАТ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ

     

     

   

 

        

        

      

      

   

 

Просмотров: 520


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст