03.12.2025
Бүгін, 3 желтоқсан күні, «Тірек мектебі» жобасы шеңберінде 7-сынып оқушыларына алгебра пәнінен онлайн сабақ жүргізілді.
Сабақ тақырыбы: «y = ax², y = ax³ және y = k/x функциялары, олардың қасиеттері мен графиктері»
Пән мұғалімі: Мықтыбек О.М.
Онлайн сабақ барысында:
• Оқушылар функциялардың қасиеттерін талдап, графиктерін салуды үйренді;
• Деңгейлік тапсырмалар орындалды;
• Графиктерді сәйкестендіру және интерпретациялау бойынша жұмыс жүргізілді;
• Тікелей байланыста кері байланыс жасалып, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Бұл сабақ оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді.