Текст
03.12.2025
"Тірек мектеп" жобасы аясында, бүгін, 3 желтоқсан күні 9-сыныпта физика пәнінен «Бүкіләлемдік тартылыс заңы» тақырыбында онлайн сабақ өтті. Сабақты өткізген: пән мұғалімі — Шаймардан Х.
Сабақтың мақсаты – бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану. Сабақ барысында оқушылар есеп шығарып әртүрлі тапсырмалар орындады. Оқушылар белсене қатысып, сұрақтарға нақты жауап берді, өз ойларын ортаға салды.



