"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап — жанның дәрігері» әдеби-психологиялық кездесу

03.12.2025

3 желтоқсан 2025 жылы мектеп кітапханасында «Кітап — жанның дәрігері» тақырыбында әдеби-психологиялық кездесу өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға жауапты: Абдраева Ш.А. және Бисимбаева Т.Н. Кездесуге 8-сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты.

Кездесу барысында оқушыларға рухани саулыққа, ішкі үйлесімге жетуге көмектесетін кітаптардың маңызы туралы әңгіме қозғалды. Шара ойын түрінде басталып, қатысушылар қызықты психологиялық тапсырмаларды орындап, өз ойлары мен сезімдерін еркін білдірді.

Сонымен қатар тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетіліп, кітаптың жан дүниені емдеудегі рөлі туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Арт-терапия кезеңінде оқушылар түстер арқылы өз көңіл-күйлерін бейнелеп, шығармашылық энергияларын ашты.

Іс-шара аясында «Ішкі тыныштыққа апарар кітаптар әлемі» атты көрме ұйымдастырылып, оқушыларға түрлі жанрдағы мотивациялық, психологиялық және рухани бағыттағы әдебиеттер таныстырылды.

Кездесу жылы атмосферада өтіп, оқушыларға шабыт, жақсы көңіл-күй және жаңа әсер сыйлады.

Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст