Текст
01.12.2025
Мектебімізде 1 желтоқсанда 2025 жылдың қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгері, тарихи роман жанрының негізін қалаушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына орай "Ізінен аңыз ерген — Ілияс Есенберлин" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты — жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқушыларға тарихи мұрамыздың құндылығын таныту. Көрмеде қаламгердің танымал шығармалары, тарихи трилогиялары, фотоматериалдары, деректі мәліметтер мен оқушыларға арналған танымдық материалдар қойылды.
Бұл көрме оқушылардың қызығушылығын арттырып, Ілияс Есенберлин мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік берді.


