Текст
20.11.2025
Бүгін 20.11.2025ж. бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1 «Ә» сыныбында әліппе пәнінен «Дд дыбысы және әрпі» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар жаңа дыбыспен және әріппен танысып, қызықты ойындар мен тапсырмалар орындады.
Балалар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізіп, топтық жұмысқа белсене қатысты.
Мұғалім сабақты тартымды әрі әсерлі етіп ұйымдастырып, әр оқушының қызығушылығын арттыра білді.
Пән мұғалімі: Шахман Н.А.



