26.11.2025
Бүгін, 26 қараша 2025 жылы 10 сыныпта информатика пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: «Python программалау тіліндегі функцияларды пайдаланып программалау тілінде код жазу». Сабақтың мақсаты: Функциялар мен процедураларды пайдаланып бағдарламалау тілінде код жазу, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдануға үйрету болды.
Сабақ барысында мұғалім оқу мақсаттарына сәйкес интерактивті тапсырмалар, практикалық жаттығулар және топтық жұмыстар, жеке жұмыстар ұйымдастырды. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау кезінде логикалық ойлауды, компьютерлік сауаттылықты және бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
Ашық сабаққа Егіндікөл ауылының әдістемелік орталығының әдіскері қатысты. Сабақ атмосферасы ынтымақтастыққа, өзара қолдауға және шығармашылыққа бағытталды. Сабақ соңында оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін бекітіп, практикалық дағдыларын табысты көрсетті.
Пән мұғалімі: Шаймардан Қ.
