Текст
24.10.2025
24 қазан күні 2 «А» сыныбында Республика күніне арналған сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушылар Қазақстан Республикасының құрылу тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен және елдің басты жетістіктерімен танысты. Балалар Отан, туған жер, бірлік тақырыптарында өлеңдер айтып, әңгімелер тыңдады. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс-шара барысы қызықты әрі танымдық болды.
