Текст
31.10.2025
31 қазан күні мектебіміздің 9–11 сынып оқушылары республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түлектер аллеясында ағаш отырғызу жұмысына белсене қатысты.
Бұл шара туған өлкені көгалдандыру мен абаттандыруға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығының белгісі болды.
Оқушылар зор ынтамен ағаш отырғызып, өз еңбектерінің ұзақ жылдар бойы сақталып, мектеп тарихының бір бөлігіне айналатынын түсінді.
Мұндай акциялар өскелең ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілікті, қоршаған ортаға жауапкершілікті және ортақ іске өз үлесін қосуға деген ниетті қалыптастырады.
