Текст
22.10.2025
📚 Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 4-сыныпта математика пәнінен
🌟 «Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін табу» тақырыбында ашық сабақ өтті!
🧮 Сабақтың мақсаты – оқушылардың кеңістіктегі геометриялық пішіндер туралы білімін тереңдету, көлемді табу формуласы арқылы есеп шығару дағдыларын дамыту.
👩🏫 Сабақ барысында оқушылар қызықты тапсырмалар орындап, топпен жұмыс жасап, 3D үлгілермен тәжірибе жүргізді. 💡
Ойын элементтері мен логикалық тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырды.
🎈 Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсете білді!
👏 Сабақ жоғары деңгейде өтті, білім мен шығармашылық қатар өрілді!
