21.10.2025
"Тірек мектеп" жобасы аясында
Бүгін, 21 қазан күні 10-сыныпта информатика пәнінен «Компьютердің логикалық элементтері» тақырыбында онлайн сабақ өтті. Сабақты өткізген: пән мұғалімі — Шаймардан Хуандых.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға логикалық элементтердің түрлерін таныстыру, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру және шындық кестесін құру дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушы логикалық элементтерді (инвертор, вентиль,триггер, сумматор, «немесе-емес», «және-емес») логикалық элементтердің ерекшеліктерімен танысып, логикалық өрнектерді талдау және нәтижесін анықтау бойынша тапсырмалар орындады. Интерактивті әдістер мен презентация материалдары сабақтың тиімділігін арттырды. Оқушы белсенді қатысып, сұрақтарға нақты жауап берді, тақырыпты жақсы меңгергенін көрсетті.
