22.05.2021
Егiндikөл ауылының №1 жалпы орта мектебінде қашықтықтан 1-11 сыныптар аралығында 22 мамыр күні “Оқу жылының қорытындысы” тақырыбында жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету.
Күн тәртібінде:
1)2020-2021 оқу жылындағы атқарылған жұмыстар есебі;
2)Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру;
3)Мектеп формасы;
4)Жазғы демалыс кезіндегі баланың өмір қауіпсіздігі және әр түрлі мәселелер қарстырылып, ата-ана тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының ерекшелігі: әрбір ата-ана барлық педагогтармен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша, үлгерімін, сабаққа, қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат ала алады.