22.05.2025
Мектебімізде 22.03.2025 жылы 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты 2025 жылдың мамыр айында мектепте педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте келесі мәселелер қарастырылды:
1. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы, оқушылардың білім сапасы мен үлгеріміне талдау;
2. 2, 5, 8, 10-сынып оқушыларын үздік және екпінді оқу көрсеткіштері бойынша марапаттау, келесі сыныпқа көшіру мәселелері;
3. 9 және 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестацияға дайындау және аттестаттау комиссиясы жұмысы туралы;
4. Мектеп жанындағы интернаттың 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша сараптама.
Кеңес барысында барлық мәселе бойынша баяндамалар тыңдалып, шешімдер қабылданды. Кеңес отырысына мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері қатысты. Жыл қорытындысы бойынша ұстаздар мен оқушылардың еңбегіне оң баға берілді.