Текст
09.10.2025
зертханалық жұмыс
09.10.2025ж 8 сынып оқушыларына физикадан 2 зертханалық жұмыс. Сабақтың тақырыбы:"Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау "
Мақсаты: Бүгін сабағымызда тәжірибе негізінде мұздың меншікті балқу жылуын анықтауды үйренеміз.
07.10.2025
Магниттік мектептерге «Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі» тақырыбында сабақ өткізді.
7 қазан күні география пәнінің мұғалімі Галамхан Жұпаргүл магниттік мектептердің 8-сынып оқушыларымен «Тау жыныстары мен минералдардың жіктелуі» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында заманауи платформа қолданылып, оқушылар белсенді түрде тапсырмалар...
20.06.2025
11 сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі
🎓 Бүгін – ерекше күн!
Бүгін мектебімізде 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті. Бұл – жылдар бойы жинаған білімнің, қажырлы еңбектің, ұстаздар мен ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
🌟 Түлектеріміздің көзінде – қуаныш, жүрегінде – үміт пен...
18.06.2025
9-сыныпқа аттестат табыстау
Бүгін мектебімізде жүрек тебірентер ерекше сәт орын алды.. 9-сынып түлектеріне салтанатты түрде аттестаттар табысталды.
Бұл күн — тек кұжат алу рәсімі ғана емес, әрбір оқушының балалықпен қоштасып, үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы. Ұстаздардың ақ тілегі,...
09.06.2025
"Балдәурен" жазғы лагерь
Бүгін, 9 маусым күні оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп аумағында "Балдәурен" жазғы лагері жұмысын бастады. Ұлттық құндылықтарға негізделіп жасалған жоспарға сәйкес қазақтың қасиетті киіз үйінде оқушыларды қарсы алдық. Ақ жаулық киіп,...
05.06.2025
9-сыныпта географиядан емтихан
📚🌍 9-сынып оқушылары бүгін география пәні бойынша таңдау емтиханын тапсырып жатыр! 🌍📚
Бүгінгі күн – білім жолындағы тағы бір маңызды қадам!
Біздің 9-сынып оқушыларымыз география пәнінен таңдау емтиханын тапсыруда. Бұл – тек карта мен материктерді ғана емес,...
05.06.2025
«Таза Қазақстан» акциясы
«Таза Қазақстан» акциясы — экологиялық таза Қазақстанды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шара. Бұл акцияның негізгі мақсаты — табиғатты қорғау, қоршаған ортаны тазарту, экологиялық мәдениетті насихаттау және халықты экологиялық мәселелерге...
04.06.2025
Алгебра және анализ бастамалары пәнінен қорытынды емтихан
11-сынып оқушылары «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша қорытынды емтихан тапсырып жатыр.
Бұл – тек білімді емес, табандылық пен төзімділікті сынайтын маңызды кезең. Барша түлектерге сәттілік, дәлдік пен сабыр тілейміз!
02.06.2025
9-сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша қорытынды емтихан тапсыруда
9-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруда!
Бүгін мектебімізде 9-сынып оқушылары қазақ тілі пәні бойынша қорытынды емтихан тапсыруда. Бұл – олардың білімін, сауаттылығын, ойлау қабілетін және тілдік нормаларды меңгеру деңгейін көрсететін маңызды кезең.
...
30.05.2025
Аттестация комиссиясының отырысы өтті
2024–2025 оқу жылында педагог-модератор санатына өтініш берген мұғалімдердің портфолиосын “Ұстаз” – педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы арқылы бағалау бойынша аттестация комиссиясының отырысы өткізіліп, шешім шығарылды.
Мұғалімдердің...