"Ақмола облысы білім басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша білім бөлімі Егіндікөл ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Егиндыколь отдела образования по Егиндыкольскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Критериалды бағалау жүйесінің маңызы

16.10.2017

 

 

№1 Егіндікөл орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Критериалды бағалау

жүйесінің маңызы

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі

Абишева Ж.Б.

 

Оқушыларға, мұғалімдерге, ата - аналарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл

 

 

 

Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау   жүйесі арқылы жетілдіру» тақырыбында жазылған баяндаманың қазіргі таңдағы білім сапасын критериалды бағалау тәсілдерін көрсете білген. Критериалды бағалау әдісі арқылы бастауыш сыныпоқушыларының білімге қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырудағы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып оны жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Баяндамада жаңаша бағалау жүйесі арқылы оқушының білім сапасының жетілдіру әдіс – тәсілдері  ашып көрсетілген. Критериалды бағалау бұл оқушылардың білім мазмұны мен  мақсаттарына сай оқу танымдық құзыреттілігін қалыптастыруды нақты анықтап көрсеткен және оқушылардың білім жетістіктерін  бағалауға негізделген үдеріске нақты мысалдар келтірілген. Мұғалім аталған мақаладағы зерттеу жұмыстарының барлығын нақты беріп, жоғарғы деңгейде жазған. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта  білетін мұғалім.

Ахмет  Байтұрсынов

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына  жаңа талаптар қойылып отыр  Қазақстан Республикасында  соңғы жылдары  білім беру саласындағы  жүргізіліп  жатқан  реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының  әлемдік деңгейге  сәйкес келуін қамтамасыз ету,  сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім   беру болып табылады.  Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы  жаңа көзқарасы олардың педагогикалық  өміріндегі қосымша  оң өзгерістер  енгізуге  мүмкіндік беруде.  Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс-тәжірибелер жасаудамыз.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Балалардың  білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалармен жеке — дара жұмыстар жүргізеді.

                                                         

Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі — оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Сын тұрғысынан ойлау — өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын тұжырымдау, қасындағы балалармен  пікірлесу, топтасу. Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Жас балалардың да бұл жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі — критериалды бағалау жолдары. Біз бұл бағалау жолын сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы жүзеге  асыра  аламыз.  Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі мұғалім.Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған  қалпы бар сала-бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана  үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды.

Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің алдына қоятын ең негізгі мақсат, міндеттерінің бірі: Оқушының оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруды оқытудың жаңа технологияларын оқу үдерісіне еңгізудің маңызы ерекше.

Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік , іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.

Бұрын оқытуда оқушылар  тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келген. Ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Биылғы оқу жылынан бастап  педагогика ғылымында мектеп оқушыларының білім жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесі қолданысқа енгізілуде.

Кез-келген мұғалім  критериалдық бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз  критерий деген сөздің мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет.

Критерийлер — оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай,  оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын ала оқушылардың барлығына белгілі, білім жетістіктерін бағалауға негізделген үрдіс.

 

Оқу жылының басында ата-аналар мен оқушылар әрбір пәннің бағалау критерилерімен танысып, хабардар болады. Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:

§ Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;

§ Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму

динамикасын айқындауы;

§ Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы.Бағаға қарсы теріс

көзқарастың болмауы;

§ Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы.Оқушыны табандылық пен

шыдамдылыққа тәрбиелеуі;

§ Білім алу барысындағы қиындықты,қателікті, білім олқылықтарын және оның

себептерін дер кезінде анықтауы;

§ Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім

алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;

§ Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау,

қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)

§ Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;

§ Баға сапасын арттыру.

Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде  жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. 

— жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;

—     оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;

—     бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды,  сондықтан

оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.

—     өзінің  оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы

ақпараттарды  жеткізу үшін  оқушыға нақты  бағалау алгоритмі

белгілі.

—     оқушының оқуға  және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.  

 

Ата аналарға:

1.     Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

2.     Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

3.     Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

4.     Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

5.     Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік

береді.

Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға  деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын  қалыптастыру , оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

 

  Критериалды бағалау әдісі арқылы бізде оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі бағалау балдары арқылы өзін-өзі бағалайды. Мұндағы жетістіктің артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз . Мұнда біздің оқушыларды бағалау үшін критерийлердің жеңіл түрлерін ала аламыз. Оларға өздері түсінетіндей, өзін — өзі бағалай алатындай етіп, істеген жұмыстарын оңай 

талдай алатындай   дескрипторларды құрамыз. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны  өз іс-әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. Мұғалімдерге критериалды бағалауды қолдануға әр пәннен нұсқаулық дайындап, бағалау А,В,С,Д  критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер  арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрылады.  Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын  бағалай алады.  Бастауыш сыныптарды бұлардың ішінде айтылған А,В,С критерилерімен бағалауға болады. Мұндай бағалау бастауыш сынып оқушыларының  өз деңгейлеріне сай келеді.Бастауыш сынып оқушылары  өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба алады,  дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан өткізеді.   Бастауыш сынып оқушыларының білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызады. Бірақ келе-келе баланы  қалыптастыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларын критериалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі алынады.  Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия  сияқты  бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа  сабақты оқытуда   тек бір «A» критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға  болады.  Тарауды қорытындылағанда  «C» критериімен бағалау тиімді. Мысалы 4 сыныптың ана тілінің  сабағында бұл әдісті былай қолдануға болады.  Мұқағали Мақатаевтың  «Қазақстан» өлеңін  оқытуда оқушыларды топқа бөле отырып, олардың әрқайсысына  тапсырма беріледі, сол тапсырманың орындалу барысына қарай мынай дескриптор құрылады

 

 

 

 

 

Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:         

§ балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін

анықтауға мүмкіндік береді.       

§ көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;

§ оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;

§  ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;

§  білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;

§ оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;

§ ата-ана мектеп      оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.

Қазіргі жаңашыл ұстаз  жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие  ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез — құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз. Шығармашылық әлеуеті дамыған мұғалім өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде мұғалім кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ.

Бүгінгі заман талабы — жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері  қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады.

 

 

 

Просмотров: 4987


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст